ПетроKазахстан : Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік : Алматы / Астана
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Алматы / Астана

2010 жылы «ПетроҚазақстан» өзіннің Алматы мен Астана қалаларындағы дәстүрлі жобалары бойынша жұмысын жалғастырды. Олардың ішінде: Мүгедек балаларды оңалту мен әлеуметтік бейімдеудің «Кеңес» орталығына, Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің Алмалы қалалық және Алмалы аудандық кеңестеріне, Оңтүстік Қазақстанның ардагер-геологтарына,  А.В. Селезнев атындағы Алматы Хореографиялық училищесіне, КР Үстел теннисінің федерациясына,  ҚР Джиу-джитсу федерациясына және тағы басқаларына көмек көрсету.


Компания үшін қайырымдылық және демеушілік істердің басты бағыттарының бірі кішкене қазақстандықтардың өмірін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін істейтін ұйымдарға көмек көрсету болып қала береді. Сол кішкентайлардың қатарында жетім балалар, өз балаларына қажетті ем алуға материалдық мүмкіндігі жоқ ата-аналардың балалары да бар.  Атанада біз «Астананың мүгедек балаларының қоғамы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтаса жұмыс істейміз. Осы қордың «Мейірбан жандар» атты акциясына қатыса отырып, компания төрт баланың қажетті ем алуына, ал олардың біреуіне операция жасауға мүмкіндік берді.


Компания үшін қайырымдылық және демеуші шараларының басты бағыттардың бірі бұл бүлдіршін қазақстандықтардың (олардың ішінде жетім балалар мен әке-шешелері оларға қажетті емделуді қамтамасыздандыра алмайтын балалар) ғұмырларын құтқаруға барынша ат салысатын ұйымдарға көмек көрсету. Алматыда біз «Ерікті Мейірбандық Қоғамы» Қоғамдық Қорының жұмысына белсенді түрде ат салысып, оның іркіліссіз әрі жақсы жолға қойылған жұмысына қолдау көрсетеміз. Қордың қызметі дерттерін Қазақстанда емдеуге мүмкіндік жоқ балалардың шетелде емделуін ұйымдастыру болып табылады. Қордың қызметкерлері нақты бала үшін лайықты аурухананы іздеуге, жолсапарды, тұрғын жайды, емді, оңалту кезеңін және балаға ересек адамның ілесіп жүруін қаржыландыру үшін қаражат іздеумен байланысты жұмыстардың тұтас шеңберін жүзеге асырады. Біз «Балаларға ғұмыр сыйла» атты кеңінен танымал акцияға өзіміздің атсалысатынымызды мақтан етеміз, ол шынында да көптеген бүлдіршіндерге денсаулық сыйлап, олардың ата-аналарын бақытты етті. 2010 жылы «ПетроҚазақстан» қайырымдылық жайлы «Балаларға ғұмыр сыйла» атты алғашқы документальды фильмның түсіруін қаржыландырды. Фильмның режиссері – атақты қазақстандық документалист  Гонопольский  И.М. Фильм ауқымды қоғамдық жаңғырыққа ие болған. Біз ондағы көтерілген мәселелер Қазақстанда тек жағымды шешіледі деп үміттенеміз. 2011 жылы компания ЕМҚ-ды қолдап, Хабар теледидарындағы «Балаларға ғұмыр сыйла» бағдарламасына демеуші болды. Оның көмегімен, одан да көп науқас балалар емделуге және толыққанды өмірмен сүруге мүмкіндік алады.
«ПетроҚазақстан» компаниясының жәрдемімен құлағы естімейтін мүгедектерді қолдаудың «Үміт» орталығы Денсаулық салонын ашып, мүгедектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Мамандандырылған курстарды оқып, олар шаштараздық өнер, маникюрлік-педикюрлік қызметтер көрсету, сылау және косметология машықтарын игерді. Тұрақты жұмыс істей жүріп, өз беттерімен табыс табу мүмкіндігі оларға ертеңгі күн турасында сенімділік сезімін сыйлайды.


Біздің соғыс және еңбек ардагерлеріміз де ұмыт қалған жоқ. Жыл сайын Алматы қ. Алмалы соғыс ардагерлерінің Кеңесіне қаржылар бөлінеді, соңғы екі жыл ішігде қалалық Ардагерлер кеңесі де компанияның қайырымдылық көмегін алуда. Соғыс ардагерлері мүлде аз қалды, сондықтан да компания ұлы ерлікке лайықты құрмет таныта отырып, оларға қолдау көрсетіп, соның ішінде материалдық жағынан көмектесті.


Геологтар күніне бағышталған салтанатты шараға қатысу біздің компания үшін жыл сайынғы дәстүрге айналды. Біздің «қамқорлығымыздағы» Оңтүстік Қазақстанның ардагер-геологтары өздерінің әріптестерімен жүздесіп, әңгіме-дүкен құру, өкінішке орай араларынан кетіп қалған жолдастарын еске алу мүмкіндігіне ие болды. Таңқаларлығы, жаны жас ардагерлер геологтардың қиындығы аз емес тұрмысын, даланың аптабы мен ызғарын..., мұнай өнеркәсібіне бастау болған жайттарды айрықша жылы сезіммен еске алды… 

Алматы / Астана


Фотогалерея