2010 жылы компания бойынша мұнай өндіру жоспарын орындау үшін жұмыстардың ауқымды көлемі іске асырылды. Осылай «ПетроҚазақстан Инк.» бойынша (соның ішінде ПҚҚР, «Қазгермұнай» мен «Торғай Петролеум» бірлескен кәсіпорындардағы 50% үлес) 2010 жылы өндірген өндірген мұнайдың жалпы көлемі 6,048 млн тоннаны құрады. Осының ішінде ПҚКР мен Көлжан – 3.0 млн тонна (жоспар бойынша 2.7 млн тонна ), Торғай Петролеум бойынша – 2.9 млн тонна (жоспар бойынша 2.9 млн тонна), Қазгермұнай бойынша – 3.1 млн тонна.
2010 жылы Солтүстік-Батыс Қызылқия жаңа кен орнының пайдалануға қосылуы ПҚИ тәуліктік өндіру көлемін айтарлықтай ұлғайтуға жағдай туғызған. ҚР Мұнай және газ министрлігімен Шығыс Құмкөл кен орныдағы көмірсутек шикізатының өндіруін іске асыруға келісім-шартына қол қойылды, Тұзкөл кен орныдағы сынамалық пайдалану жалғастырылды және осының арқасында 2010 жылдың ортасынан бастап бұл кен орныда мұнай өндіруі басталды. Сонымен қатар, 2011 жылдың ақпанында ҚР ИмЖТМ-нің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Батыс Қарабұлақ сынамалық пайдаланудың жобалық құжатын бекітті.
2010 жылы компания 99 ұңғыманы бұрғылады, соның ішінде 79 іске пайдалану ұңғымасы және 20 барлау ұңғымасы бұрғыланды. Мұнай қайтарымын арттыру жөніндегі іс-шаралардың шеңберінде 2010 жылы мұнай өндірудің қарқындандыруы жер қабатын гидрологиялық жолмен жару және тұздық-қышқылдық өңдеу жұмыстары арқылы жүргізілді. Пайдаланатын ұңғымалар қорын едәуір ұлғайтқанның арқасында бірталай өндірістік нысандарының қатарын кеңейтуге мүмкіндік берген. 2011 жылы 97 ұңғыманың, соның ішінде 67 іске пайдалану және 30 барлау ұңғымаларының бұрғылауы жоспарлануда.
БДБ мәліметтері бойынша 2010 жылы ПҚИ Тобы мұнай өндіру көлемі бойынша барлық Қазақстан мұнай өндіруші компанияларының арасында 5-ші орынға ие болды.