«ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» (ПҚОСИ) бөлімшесі «ПетроҚазақстан» компаниялар Тобының барлық бөлімшелерінің басқарушы буыны болып табылады. ПҚОСИ басқару және мамандармен жұмыс істеу саласында қызметтер көрсетеді.
«ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» компаниясы 1996 жылғы 22 қазанда Канаданың заңнамасына сәйкес «Альберта Инк.» деген атаумен тіркелген болатын. Сол жылы ол өзінің атауын «Харрикиейн Оверсиз Сервисез Инк.» деп өзгертті, ал 2003 жылы бүкіл Топтың қайта аталуына байланысты қазіргі атауына өзгертті. ПҚОСИ компаниясының республиканың екі басты қаласында – Астана мен Алматыда кеңселері бар.
ПҚОСИ Алматы кеңсесінде компанияның президенттік кеңсесі, сондай-ақ төмендегідей бөлімшелері орналасқан:
– мамандар бөлімі және әкімшілік,
– ҚТ, ДҚ, ҚОҚ және ҚҚ,
– заң департаменті,
– қаржы департаменті,
– қаржылық есептеме бөлімі,
– корпоративтік салықтар,
– қазынашылық,
– бухгалтерия,
– АТжТ, өндірістік қызметтерді жоспарлау,
– стратегиялық коммуникациялар департаменті,
– бірлескен кәсіпорындар,
– ішкі аудит,
– Сарбанс Оксли жобасын ендіру жөніндегі топ,
– маркетинг және тасымалдау департаменті,
– жеткізу және логистика бөлімі,
– нарықтарды және бәсекелестікті дамыту бөлімі,
– шикі мұнай маркетингі мен тасымалдау бойынша қаржы бөлімі.