ПетроKазахстан : Қызметінің бағыттары : Кен орындарын дамыту
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Кен орындарын дамыту

«ПетроҚазақстан» компаниясы әрқашан да өндірілген кеннің орнын коммерциялық жағынан құнды кен орындарын ашу арқылы ауыстыруға тырысады. Мысалы, компания тұрақты негізде барлау бағдарламасын жүзеге асырып, Оңтүстік Торғай алабында жұмыс істейтін аймақтың әлеуетті мүмкіндіктерін барынша толық іске асыру үшін осы бағдарламаны жалғастыруды міндеттеме ретінде алған бірден бір ірі мұнай кәсіпорны болып қалуда.

 

Қазіргі кезде ПҚҚР компаниясының балансында 16 кен орны бар. Олардың алтауы (Құмкөл Оңтүстік, Оңтүстік Құмкөл, Арысқұм, Қызылқия, Майбұлақ және Солтүстік-Батыс Қызылия), игерілу үстінде, екеуі (Тұзкөл мен Солтүстік Нұралы) сынақтық пайдаланылуда, тағы екеуі (Шығыс Құмкөл мен Досжан) өнеркәсіптік игерілуге дайындалған, ал алтауы (Қарабұлақ, Батыс Қарабұлақ, Керуенші, Батыс Тұзкөл, Тасқұдық және Оңтүстік-шығыс Досжан) барлау сатысында тұр.


Аталған кен орындары бойынша 52 мұнай шоғыры анықталды, мұнай мен газ қорларының басым бөлігі бор шөгінділері мен үстіңгі юраның өнімді горизонттарына жақын жатыр. ПҚҚР компаниясының кен орындары бойынша ұңғымалардың жалпы қоры 853 бірлікті құрайды, оның ішінде 482 ұңғыма іске пайдалану-өндіру қорында тұр, ал 229 ұңғыма айдау қорына жатады. Компанияның кен орындарын іске пайдаланудың басты тәсілдері – механикаландырылған және фонтанды тәсіл. Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл, Арысқұм, Майбұлақ пен Қызылқия кен орындары суды айдау арқылы жер қабатының қысымын ұстап тұру әдісімен игерілуде.

 

2010 жылы игеріліп жатқан кен орындарындағы мұнай мен газ қорларын нақтылау мен пысықтау мақсатында 92 ұңғыма, соның ішінде 79 іске пайдалану ұңғымасы және 13 барлау ұңғымасы бұрғыланды. Тәуелсіз Gaffney, Cline & Associates бағалау компаниясының есепхатына сәйкес ПҚИ компаниясының жалпы мұнай қоры 1Р санаты бойынша 2010 жылғы 31 желтоқсанға қарай 268,36 млн. Тонна баррель мұнайды құрады. Мұнай өндірудің орташа тәуліктік көлемі 9300 тоннны құрайды.