ПетроKазахстан : Қызметінің бағыттары : Геологиялық барлау және бағалау
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Геологиялық барлау және бағалау

«ПетроҚазақстан» компаниясының барлау мен өндіру бойынша барлық жұмысы Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Оңтүстік Торғай алабындағы 80 000 км2 аумақта жүзеге асырылады. Әдетте, «ПетроҚазақстан» компаниясының кен орындарының өнімді аймақтары аса үлкен емес тереңдікте – 760 м мен 1830 м аралығында орналасқан, ал жуырда бұрғыланған ұңғымалардың кейбіреуі 2300 метрден 3550 метрге дейінгі тереңдікте өнімді қабаттарға жетті. «ПетроҚазақстан» компаниясының кен орындарының мұнайлы қабаттарының кеуектілігі жоғары және сіңірімділік деңгейі де жоғары, олардағы мұнай – жеңіл, түйіршігі аз, тығыздығы API шәкілі бойынша 37° - 44° аралығында және құрамындағы күкірт 0,4%-дан кем. Осы қолайлы сипаттар «ПетроҚазақстан» компаниясына өзінің кен орындарын шығынды аз жұмсай отырып қазбалауға, мұнай өндіруді іске асыруға және қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
 
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы Оңтүстік Торғай алабында бұрын жеткіліксіз зерделенген стратиграфиялық тұрпаттағы тұтқыштарды нысаналы түрде іздестіру мен бағалау жұмысын жүргізуде. Қорларды өсіру компанияның басым міндеттерінің бірі және ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуының негізі болып табылады. Қорларды арттыру мақсатында ПҚҚР қолда бар активтерінде белсенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Мысалы, 2010 жылы компания 14 барлау ұңғымасын бұрғылап, бұл орайда 1057 және 1928 келісімшарттық аумақтарда тиісінше 800 қума км көлемде 2Д және 150 км2 көлемде 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізді. 2010 жылғы сәтті жетістіктердің бірі Батыс Қарабұлақ кен орнында жаңа кен шоғырының ашылуы болды. Мұнай қорларының негізгі өсуі осы кен орнымен байланыстырылады, мұндағы расталған қорлар 1 090 мың  тоннаны құрайды. Сондай-ақ Батыс Тұзкөл мен Тасқұдық кен орындарының ашылуын да айта кету керек ондағы мұнайдың шығарылатын қорлары алдын ала санақ бойынша 1 500 мың тоннаны құрайды. Компания сондай-ақ игеріліп жатқан Құмкөл кен орнында жаңа кен шоғырларын тапты, онда бұрғылау нәтижелері бойынша іргетастың шөгінділерінде мұнай мен газ бар екені анықталды.

 

Геологиялық барлау жұмыстары мен бұрғылау кешенінің сәтті өткізілуі бағалау көрсеткіштерін арттырып, оларды компания 2010 жылы алған қойған өндіру көлеміне дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Бұрғылау нәтижелері тек ПҚҚР компаниясының қорларының көлемін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар іздестіру мен барлау жұмыстарының барынша тиімді бағыттарын іздеу тұрғысынан алға жаңа міндеттер қойды. 2011 жылы компания 29 іздестіру-барлау ұңғымасын бұрғылауды және 450 шаршы км көлемінде 3Д сейсмикалық барлық жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Батыс Қарабұлақ кен орнын сынақтық іске пайдалануға байланысты жұмыстар 2011 жылғы геологиялық барлау жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі болады деп күтілуде.