ПетроKазахстан : Қызметінің бағыттары : Қоршаған ортаны қорғау
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Қоршаған ортаны қорғау

«ПетроҚазақстан» компаниясының өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (ҚЕҚОҚ) саласындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындауға және оларды жүзеге асыруға негіз болып табылады. ПҚИ компаниясының ҚЕҚОҚ саласындағы басым міндеттері қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, компанияның қызметкерлерінің және компанияның өндірістік нысандары жұмыс істейтін аудандарда тұратын халықтың денсаулығын қорғау болып табылады. Аталған мақсатта ПҚОСИ, ПҚОП және ПҚСҮ компанияларында экологиялық менеджмент саласында халықаралық ISO 14001:2004 стандарттарына және кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз ету саласында OHSAS 18001:2007 стандарттарына сай келетін басқару жүйелері (ҚЕҚОҚ СУ) сәтті ендірілді, ал ПҚҚР компаниясында қазіргі кезде аталған стандарттарды еніру жолында дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

Компанияның басты экологиялық міндеттерінің бірі – бөлімшелерінде халықаралық менеджмент жүйелерін ендіру және жұмыс күйінде ұстау. 2010 жылы ПҚОСИ, ПҚОП және ПҚСҮ қадағалау аудитінен табысты өтіп, ол ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 стандарттарына сәйкестігін растады.

 

Компаниялар тобы өзінің кен орындарында өндіретін ілеспе газды экологиялық жағынан қауіпсіз түрде пайдалану – компанияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Газды тиімді пайдалану ісіне инвестициялар жасай отырып, «ПетроҚазақстан» Оңтүстік Торғай алабындағы экологиялық ахуалды жақсартуға, сонымен қатар қазақстандықтар үшін тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық нысандарды тұрғызуда. 2010 жылы Арысқұм кен орнындағы ақаба суларды тазартуға арналған биологиялық тоғандардың екі желісінің құрылысы сәтті аяқталып, іске пайдалануға берілді, онда Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ және Солтүстік-Батыс Қызылқия кен орындарында түзілетін ақаба сулар тазартылады. Тәуліктік тазалау өнімділігі 400 м3 құрайды.


Өндірістік үдерістердің қоршаған ортаға келтіретін ықпалын азайту мақсатында компания жыл сайын табиғат қорғау шараларына, халықаралық стандарттарға сай келетін ресурс үнемдеуші технологиялар мен үріерстерді ендіруге айтарлықтай қаражат бөліп отырады. Тиісті жоспарда қарастырылған және ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келісілген осы іс-шаралар толық көлемде және белгіленген мерзімдерде іске асырылады.


ПҚОП өндірістік жұмысын табиғат қорғау туралы ҚР заңнамасына, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келісілген нормативтік-рұқсаттық құжатқа сәйкес жүзеге асырады. ПҚОП компаниясы қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар бойынша 2011 - 2012 жылдарға арналған рұқсатты уақтылы алды.


Сондай-ақ 2010 жылы жаңа тоған – ОҚО, Ордабасы ауданындағы ақаба сулар жинақтауышы іске пайдалануға енгізілді. Тазартылған ағынды суларды өртке қарсы жүйеге қайтару Қалалық су арнасы желілерінен алынатын таза судың баламалы мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

ҚТ және ҚЕҚОҚ саласындағы соңғы жылдағы негізгі жетістіктер:

1. ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 стандарттарына сәйкестік тұрғысынан ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің қадағалау аудиті сәтті өткізілді.
2. ПҚҚР нысандарындағы ықтимал қатерлерге талдау жасалды, анықталған қатерлерді азайту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар әзірленді.
3. ПҚҚР компаниясының барлық өндірістік нысандарының еңбек жағдайлары бойынша аттестациясы өткізілді.
4. Қызылорда – Құмкөл автомобиль жолының құрылысын қайта салу жобасы табысты іске асырылды.
5. ПҚҚР АҚ-ның қауіпті өндірістік нысандарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігіне өндірістік бақылау жасау туралы Ереже, өндірістік бақылау өткізілуіне тоқсан сайындық қадағалау ендірілді.
6. Өндірістік қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау (ҚР Еңбек Кодексі бойынша) мәселелері бойынша бейнематериалдарды пайдалана отырып оқыту дәрістері өткізілді.
7. Компанияның бөлімшелерінің жұмыскерлерінің ауысым алдында медициналық тексерістен мерзімді түрде өткізілуі жүйелі түрде жүргізілді.
8. ҚАМ мұнай құбырының барлық қауіпті нысандарындағы Апаттарды жоюдың барлық  жоспарларына өнеркәсіп қауіпсіздігінің жаңа талаптарына сәйкес өзгертулер енгізілді.
9. Арысқұм кен орнындағы ақаба суларды тазарту жөніндегі Биотоғандардың құрылысы аяқталып, іске пайдалануға енгізу жүзеге асырылды.
10. Құмкөл кен орнындағы 4-ші және 5-ші газ-турбиналы қондырғылардың құрылысы аяқталып, іске пайдалануға ендірілді.
11. «Майбұлақ-Арысқұм» мұнай құбырының 1-ші және 6-шы км аралығындағы бөлігін ауыстыру жобасы әзірленді. Металл жемірілуіне байланысты аталған учаскеде құбырдың тесілуі жиіледі, бұл мұнайдың апатты төгілуіне және жердің ластануына әкеледі. Жоба қажетті келістіру сатысынан өткізілді де, 2011 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.
12. ПҚОП компаниясында 2010 жылы зауытты жарақатсыз және апатсыз күрделі жөндеуден өткізу қамтамасыз етілді.
13. Мердігерлік ұйымдармен үнемі әрі табанды түрде жүйелі жұмыс жүргізудің нәтижесінде олар жол-көлік оқиғалары мен жазатайым жағдайларға жол берген жоқ.
14. Төтенше ірі оқиғалар, өрттер және материалдық нұқсан келтіретін елеулі экологиялық жайттар бойынша нөлдік көрсеткіштерге жетті.
15. «ПҚСҮ» ЖШС СФ Қауіпсіздік декларациясын алды.
16. «ПҚСҮ» ЖШС СФ өндірістік нысандарындағы еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелеріне Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясының оңды қорытындысы алынды.
17. Мұнай базаларында жарақатсыз және апатсыз күрделі жөндеу жүргізу.
18. ПҚСҮ нысандарында табиғат қорғау қызметін пәрменді ұйымдастыру, қоршаған ортаның күйіне үнемі мониторинг жүргізу, бақылаушы органдардың іс-қимылдары бойынша дер кезінде алдын алу әрекеттері.
19. 2010 жылы табиғат қорғау қызметін бақылаушы органдар «ПҚСҮ» ЖШС СФ бойынша табиғат қорғау туралы ҚР заңнамасының бұзылу жайтын ресми  түрде тіркеген жоқ.