ПетроKазахстан : Компания туралы : Компанияның тарихы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Компанияның тарихы

1986 жыл – Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Оңтүстік Торғай алабында Құмкөл кен орнының өнеркәсіптік игеруі басталды.

 

1986 жыл – Калгари қаласында (Альберта провинциясы, Канада) «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» компаниясы құрылды және тіркелді.

 

1991 жыл – Компания Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ және Оңтүстік Құмкөл кен орындарын қазбалаумен айналысатын бірлескен кәсіпорындағы серіктес ретінде Қазақстанның нарығына шығады.

 

1996 жыл – Компания «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясын бірлескен екі кәсіпорын – «Қазгермұнай» мен «Торғай Петролеумдегі» 50%-дық үлестерімен бірге сатып алады.

 

2000 жыл – Компания республикадағы үш МӨЗ-дің бірін иеленетін «Шымкентмұнайоргсинтез» (ШМОС) кәсіпорнын сатып алады.

 

2003 жыл – компанияның қызметінің түрін және компания жұмыс істейтін елдің бейнесін айқын көрсету мақсатында корпоративтік атауын «ПетроҚазақстан Инк.» болып өзгертілді.

 

2005 жыл – «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясын «Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының» еншілес бөлімшесі CNPCI сатып алды.

 

2006 жыл – Компания «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясына «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясындағы 33%-дық үлесті табыстап, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды.

 

2007 жыл – CNPCI және ҚМГ арасындағы келісімдердің бір бөлігі ретінде 2007 жылғы 6 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ПҚОП компаниясындағы 50%-дық иелену үлесін сатып алды.


2009 жыл – «ҚазМұнайГаз» БӨ» компаниясына  33%-дық үлесті табыстау бойынша мәмле аяқталды.