|
ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз әлеуметтік жағынан жауапкершілікті компания бола отырып, облыстың әлеуметтік саласын дамытуға, сондай-ақ қайырымдылық және демеушілік іс-шараларға пәрменді түрде ат салысады. Осы саладағы жұмыстың басты өлшемі бағытты әрі мақсатты көмек көрсету болып табылады, бұл орайда ұзақ мерзімді бағдарламаларға, халықтың қорғансыз топтарына, балаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, денсаулық сақтау жүйесіне, мәдениет пен өнер мекемелеріне көмек көрсетуге айрықша назар аударылады.
1997 жылдан бастап Туризм мен спорт басқармасымен бірлесе отырып, Компанияның басшылығы облыстың мектеп оқушыларының арасында «ПетроҚазақстан» компаниясының кубоктары мен жүлделері бойынша баскетбол мен футболдан турнирлер өткізеді. Турнирлердің көпшілік арасында кеңінен танымал болып, облыс шегінен шыққанын айта кету бір ғанибет. Соңғы жылдары оларда Түркістан мен Ресейден (Байқоңыр) келетін балалар осы турнирлерде жеңіске жетудің аз-ақ алдында жүр. 10 жылдан астам компания облыстың мектеп оқушыларының арасындағы шахмат турниріне, мүгедек балалардың арасындағы спартакиадаға (оған 60-80 бала қатысады) демеушілік жасауда.
Қызылорда облысындағы компанияның дәстүрлі жобалары:
• Балалар үйіне көмектесу. Жыл сайын Жаңа жыл, Наурыз, Балаларды қорғау күні мерекелеріне қарсы балалар үйіне барып, сыйлықтар тапсырамыз. 2010 жылы балалар үйіне микроавтобус тарту етілді. • Ағылшын тілін тереңдете оқытылатын № 2 «Мұрагер» орта мектебіне қолдау көрсету. Жыл сайын компания 10 мың АҚШ долларын бөледі. • Облыстың 250 тұрғынына арналған азық-түлік қапшығы – бұлар әл-ауқаты төмен отбасылар, мүгедектер, үкіметтік емес ұйымдар. Азық-түлік қапшығына әр отбасы үшін барынша маңызды өнімдер – ұн, күріш, қант, шай, май, макарон өнімдері кіреді. Бұл іс-шара жылына екі рет – Жаңа жыл мен Наурыз мейрамы қарсаңында өткізіледі. Компания 2010 жылдан бері компанияның ардагерлері мен мүгедектері үшін 85 азық-түлік қапшығына қосымша қаражат бөлді. • Жаңа жыл мен Наурыз мейрамы кезіндегі тұрмыс жағдайы нашар отбасылардың балалары мен жетім балаларға арналған ертеңгіліктер. Компания балаларға арнап мерекелік ойын-сауық ұйымдастырады. • 1 маусымда Балаларды қорғау күнін мерекелеу. Компания мерекені түгелдей қаржыландырады, 7000 бөлік балмұздақ және қалалық білім беру бөлімі дайындаған барлық балалар конкурстары үшін жүлделер дайындайды. • «Мектепке апаратын жол» акциясы: Облыстың әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балаларына арналған 250 мектеп жинағы. • Ардагерлерге көмек беру. Республикалық және жергілікті газеттергі бір жылға жазылу. Қазақстанның шипажайларына жолдамалар сатып алу.
|
Фотогалерея
|