ПетроKазахстан : Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының тігінен интеграцияланған аса ірі мұнай-газ компанияларының бірі бола отырып, «ПетроҚазақстан» компаниясы аймақтағы экономикалық көшбасшы рөлін атқарады, ал оны корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) стандарттарын орындамастан атқару мүмкін емес. КӘЖ қағидалары компанияға бизнесті жүргізудің, билік органдарымен және қоғаммен өзара қарым-қатынас жасаудың халықаралық стандарттарына бірте-бірте, қадам-қадаммен жақындауға мүмкіндік беретін маңызды бағдарлар болып табылады. КӘЖ қағидаларын ұстану «ПетроҚазақстан» компаниясының жоғары басшылығы үшін ғана емес, сондай-ақ әрбір қызметкері үшін де басты міндет болып табылады. Осылайша жұмыс істеу мәнері барлық тараптарға – мемлекетке, жұмыскерлерге және олардың отбасы мүшелеріне, өнімді тұтынушыларға және жергілікті тұрғындарға, сондай-ақ акционерлерге қанағат сезімін мен пайда әкеледі.


Әлеуметтік жауапкершілік


«ПетроҚазақстан» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігінің ірге тасы компанияның жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында қызметкерлердің денсаулығын қорғау, оқыту мен дайындау бағдарламалары арқылы адами ресурстарды дамыту, сондай-ақ кешенді басқару жүйесін ендіру жолымен қоршаған ортаны қорғау болып табылады. «ПетроҚазақстан» компаниясы Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының – компанияның өзі қызмет ететін, оның қызметкерлері тұратын және жұмыс істейтін аймақтардың халқы алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті толық көлемде ұғынады. «ПетроҚазақстан» – өзі жұмыс істейтін аймақтардағы аса ірі жұмыс беруші.


Kомпания жүзеге асыратын стипендиялық бағдарламалар: «ПетроҚазақстан» компаниясының жұмыскерлеріне арналған сырттан оқыту бағдарламасы; Компанияның жұмыскерлерінің балаларына  арналған, сондай-ақ Қызылорда облысының дарынды жастарын Қытай мен Қазақстанның  ең үздік жоғары оқу орындарында оқытуға арналған стипендиялық бағдарлама.


«ПетроҚазақстан» – Қазақстандағы әлеуметтік және қайырымдылық жобаларының аса ірі демеушілерінің бірі, ол осы жобаларды іске асыруға елеулі инвестициялар құйып отырады. Аймақтарға тұрақты негізде әлеуметтік қолдау көрсету үшін Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен арадағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

«ПетроҚазақстан» республикада жұмыс істеген уақыт ішінде Компания демеушілік пен қайырымдылық істеріне ондаған миллион АҚШ долларын бөлді. Біздің саясатымыз әрқашан да қоғамға қолдау көрсетуге, әсіресе өзінің қызметін жүзеге асыратын аймақтардағы қоғамға қолдау көрсетуге негізделіп келді.