«ПетроҚазақстан» компаниясының мақсаты – қазақстандық мұнай саласындағы көпшілік таныған көшбасшыға айналу. Біз өнегелі корпоративтік азамат болып, өзіміздің акционерлеріміз бен Қазақстан Республикасының құндылығына айналып, қызметкерлеріміздің денсаулығын қорғауды және олардың қауіпсіз еңбек етуін, сондай-ақ қоршаған орта үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз еткіміз келеді. Компанияны және оның қызметін басқарудың пәрменділігін үнемі жоғарылата, жұмыскерлердің жетекшілік қасиеттерін көтермелей және біліктілігін дамыта отырып, біз өзіміздің акционерлеріміздің технологиялардағы, басқарудағы, корпоративтік мәдениеттегі және ұжымлық жұмыстағы артықшылықтарын пайдалану арқылы өсіп-даму әлеуетін толық іске асыруға ниеттіміз.
«Петро-Қазақстан» компаниясының жуықтағы жылдарға арналған корпоративтік стратегиясы мұнай өндіру деңгейін арттыру мен ұстап тұруға, көмірсутектердің жаңа қорларын арттырып, өндірілген мұнайдың орнын жаңа қорлармен толтыруға, шығарылатын мұнай өнімдерін көбейтуге, ақша ағындарын және активтердің таза құнын арттыруға, сондай-ақ өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделеді.
Менеджмент пен бизнес жүргізу саласында «ПетроҚазақстан» барлық мүдделі тараптардың, яғни үкіметтің, компания акционерлерінің, оның қызметкерлерінің, мердігерлердің, іскерлік серіктестер мен жергілікті қоғамдастықтың арасындағы қарым-қатынасты үйлесімге келтіруге ұмтылады.
Компанияның табысқа жетуінің түпкі негізі – бизнес жүргізудің халықаралық стандарттарының, Қазақстан Республикасында қолданылатын ережелер мен рәсімдердің, сондай-ақ акционер-компаниялар – ҚҰМК мен ҚМГ технологиялары мен инновацияларының қиысымы.
Өзінің қызметінде «ПетроҚазақстан» төмендегі қағидаларды ұстанады:
• «Қызметкерлер жайлы қамқорлық», «Ең әуелі - қауіпсіздік» және «Қоршаған ортаны қорғау – бірінші кезектегі міндет».
• Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау стандарттарын компанияның күнделікті қызметіне ендіру.
• Компанияның қызметін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікті және тұрақты даму қағидаларын есепке ала отырып жүзеге асыру.
Өзінің қызметінде «ПетроҚазақстан» өзіне төмендегі міндеттемелерді қабылдайды:
• Тиісті мемлекеттік және аймақтық заңдар мен нормативтік актілерді, «ПетроҚазақстанның» саясаттары мен рәсімдерін орындау.
• Мұнай өнеркәсібінде жұмыстарды жүзеге асырудың жалпы қабылданған іс-тәжірибесіне сәйкестік.
• Біздің нысандарымыздың қызметінің нәтижесіндегі ластанудың алдын алу және қоршаған ортаға келтіретін ықпалын бақылау.
• Біздің жұмыскерлеріміздің, мердігерлердің және жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне келетін ықтимал қатерлерді айқындау, жою немесе бақылау.
• Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бейнебеті көрсеткіштерімізді біздің көрсеткіштерімізді үздіксіз жақсарту.
Аталған саясат «ПетроҚазақстанның» барлық қызметіне қатысты қолданылады. Біздің қызметкерлеріміздің әрқайсысы және бізбен бірге жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері жұмыстарды жоғарыда аталған міндеттемелерге сәйкес жүргізу үшін жауапкершілік көтереді.