ПетроKазахстан : Қызметінің бағыттары : Жаңарту
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Жаңарту

«ПетроҚазақстан» өзінің өндірістік нысандарын жаңартуға үлкен көңіл бөледі. 2000 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын сатып алғаннан бері оны жаңарту ісіне компания айтарлықтай қаражат құйды. Жабдықтың жаңартылуы және технологиялық жетілдіру жұмыстары шығындардың азайып, өндіріс тиімділігінің артуына әкелді. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясы мұнай өнімдерінің сапасын жоғарылатып, сұрыпталымды жақсартуға бағытталған бірқатар жобаны іске асырды. Олардың қатарында мазутты вакуумдық жолмен қайта айдау қондырғысы (МВҚАҚ) бар, ол жоғары бағалы жеңіл мұнай өнімдері өндірісін арттыруға мүмкіндік береді. МВҚАҚ іске пайдалануға енгізілуі мұнай өңдеу зауытында жаңа өнім – вакуумдық газойльді шығара бастауға  мүмкіндік берді. Бұрынырақ негізгі қайта өңдеу жабдығының сенімділігін арттыру бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылған болатын, бұл зауыттың апаттық тоқтауын азайтуға мүмкіндік берді.


Зауытта жыл сайын оның өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздігін арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылады. Өткен жылы компания мұнай өнімдерін құю мен қотару эстакадаларын электрлік жарықтандыру жүйесін қайта құруды іске асырды. Құю эстакадаларының көтергіш металл құрылмаларына құрылымдық өрттен қорғаныс орнатылды. Зауыт аймағындағы және Ақдала буландырғыш тоғанының аймағындағы жер асты суларының күйін қадағалау ұңғымаларының экологиялық мониторингі өткізілді. Сондай-ақ жер асты суларының ластануын болдырмауға бағытталған жоба іске асырылды.


«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС отандық мұнай өңдеу зауыттарын дамытуды айқындайтын, Қазақстан Республикасын өнеркәсіпік-инновациялық жағынан дамыту стратегиясын ұстана отырып, «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту мен қайта құрудың» ауқымды жобасын іске асыруда. Оны жүзеге асыру шеңберінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, ол 2010 жылдың басында ҚР мемлекеттік сараптама органдарымен келісілді. Алайда, соңғы кезде ҚР мен көршілес мемлекеттердің геосаяси кеңістігінде отандық мұнай және мұнай өнімдері нарығының келешек даму мүмкіндіктеріне елеулі ықпал ететін бірқатар факторлар қалыптасты. Олар: Батыс Еуропа – Қытай көлік коридорының құрылысы, біртұтас Кедендік Одақтың құрылуы, мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту кезінде ЕВРО-5 экологиялық сапа стандартына бағдар алу туралы ҚР Мұнай және Газ Министрлігінің Тапсырмасы. Осының бәрі жобаны іске асыруға және оның мазмұнына түбірінен әсер етеді. Осыған байланысты ПҚОП Акционерлері мен басшылығы мұнай-газ саласының болжанатын бетбұрыстарын ұсынылып отырған жаңа технологиялардың мүмкіндіктерімен байланыстыра отырып, бейімделу әрі жаңартудың баламалы жолдарын қарастыру туралы дер кезінде шешім қабылдады. Осылайша, Акционерлер Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңартуда оңтайлы шешім қабылдап, зауыттың технологиялық тәсімінің ең жақсы нұсқасын таңдай алады.

 

Жобаның төмендегідей мақсаттары бар:
• Зауыттың қуаттылығын 6 млн. тоннаны қайта өңдеуге дейін арттыру
• Ашық түсті мұнай өнімдерін шығаруды 61%-дан 89%-ға дейін арттыру
• шығарылатын өнімдердің сапасын ЕВРО-3 стандарттарының талаптарының деңгейіне дейін жақсарту
• Мұнай химия өнімдері – полипропиленді, бензол мен қарапайым күкіртті шығару есебінен сұрыпталымды ұлғайту
• Зауыттың зиянды ағындыларын азайту.