ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Қайта өңдеуші бөлімше
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Қайта өңдеуші бөлімше

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) – Оңтүстік Қазақстан облысында, Шымкент қаласына жақын маңда орналасқан мұнай өңдеу зауыты. 1985 жылы тұрғызылған зауыт Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының ішіндегі ең жаңасы болып табылады. Зауыт Қазақстан Республикасындағы мұнай өнімдері өндірісінің жалпы көлемінің 30%-ға жуығын қамтамасыз етеді.
 
ПҚОП жоғары сапалы бензин мен дизельдік отынның бірнеше маркасын, пешке жағылатын отын, вакуумдық газойль, мазут, реактивтік отын мен сұйылтылған газ шығарады.

 

  • Бензин AИ-96 (ТУ 38.001165-2003)
  • Бензин AИ-92 (ТУ 38.001165-2003)
  • Бензин AИ-80 (ТУ 38.001165-2003)
  • Дизелдік отын (Л-0,2-40 ГОСТ 305-82, Л-0,2-62 ГОСТ 305-82, ДЛЭЧ-40, ДЛЭЧ-62, З-0,2-35 ГОСТ 305-82)
  • Авиакеросин (ГОСТ 10277-86)
  • Мазут M-100 (ГОСТ 10585-99)
  • Мазут M-40 (ГОСТ 10585-99)
  • Сұйылтылған газ СПБТ (ГОСТ 20448-90)
  • Сұйылтылған газ БТ (ГОСТ 20448-90)
  • Вакуумдық газойль (ТУ 38.1011304-2004)
  • Вакуумдық газойль (СТ ТОО 050140004649-05-2011)  

 

2010 жылдың 14 шілдесінде ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ПҚОП үшін мұнай өндірудің бағасын тоннаға 3 947 теңге мөлшерінде бекітті (ҚҚС есептемегенде).

 

2010 жылы МӨЗ-дағы мұнай өңдеу көлемі 4,58 млн тонна (жоспар бойынша 4,1 млн тонна) құрады, бұл өткен жылғы 4 млн тонна құраған көрсеткіштен едәуір асып түсті. 2010 жылы зауытта шығарылатын мұнай өнiмдерiнiң сапасы Еуро-2 стандартының талаптарына сәйкес келтірілген. Екiншi постсертификациялық инспекциялық тексеру нәтижелері зауытта әрекеттегі экологиялық басқару жүйесiнiң ISO 14001:2004 халықаралық стандартына сәйкестiгін растады.

 

2000 жылы компания ПҚОП-ты сатып алған сәттен бері зауытты жаңарту ісіне айтарлықтай қаражат құйылды. Тек соңғы екі жылдың өзінде ғана осы мақсаттарға 30 миллионнан астам АҚШ доллары бағытталды. ПҚОП компаниясының жетістіктерінің біріне, яғни қайта өңдеу шығындарын азайтып, тиімділігін арттыруға өндірісті жетілдіру, қолданыстағы қондырғыларды қайта құру және қазіргі заманғы технологияларды ендіру жөніндегі бағдарламаларды іске асырудың нәтижесінде қол жеткізілді.
 
2010 жылы мұнай резервуарларын қайта жарақтандыру (сыйымдылығы  50 000 м3 құрайтын  301/2 мұнай резервуарын мұнай қожынан тазарту және толық жөндеу мен қайта құрылмалауды іске асыру) жұмысы жалғастырылды, катализаторды ауыстыру іске асырылды, риформинг қондырғысының жаңа қатпарлы жылу алмастырғышы сатып алынып, орнатылды.

 

ПҚОП компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысындағы аса ірі салық төлеушісі болып табылады. ПҚОП компаниясының 2010 жылғы қызметінің нәтижесінде бюджетке 65 млн АҚШ долларынан астам сомасында салық төленді.
 
ПҚОП әлеуметтік жобалары мен қайырымдылық ісіне айтарлықтай қаражат бөліп отырады. ПҚОП компаниясының демеушілік көмегінің негізгі бағыты – Оңтүстік Қазақстан облысындағы спорттық, білім беру және мәдени іс-шараларға қолдау көрсету, балаларға көмектесу, аймақтағы қарттар мен әл-ауқаты төмен азаматтарға қолдау жасау, сондай-ақ Компанияның жұмыскерлері мен бұрынғы қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын іске асыру.