|
«ПетроҚазақстан» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамытуға белсенді түрде ат салысады, бұл Қазақстандағы компанияның бөлімшелері жұмыс істейтін аймақтарда әлеуметтік көмек көрсету туралы оның саясатына сәйкес келеді. Соңғы үш жыл ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік жобаларға 4 миллионнан астам АҚШ долларынан астам қаражат құйылды. Жыл сайын ОҚО әкімдігі мен «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» басшылығының арасында Аймаққа әлеуметтік қолдау көрсету туралы меморандум жасалады. 2010 жылы оның шеңберінде компания 1 млн АҚШ долларын бөлді. Облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалардан бөлек, «ПетроҚазақстан» әлеуметтік салада өзінің бірқатар жеке бастамаларын іске асырады. Олардың ішінде әл-ауқаты төмен отбасылардың балалары мен жетім балаларға, зейнеткерлер мен мүгедектерге, сондай-ақ дарынды жастарға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Компания мәдениет пен спорт саласындағы белсенді демеуші болып табылады, денсаулық сақтау мекемелеріне қолдау көрсетеді. 2009-2010 жылдары ПҚОП өзінің қамқорлығындағы №4 балалар үйі, ВИЧ жұқпасы бар балаларды оңалту орталығы, ауылдық мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, қамқорлығындағы №65 мектеп-гимназиясы, №54 мектеп, Жасөспірімдер үйі, аймақтағы бірден бір Балет мектебі сияқты, өз қамқорлығына алған мекемелерге қолдау көрсетуін жалғастыруда. Компания сондай-ақ аймақтың әл-ауқаты неғұрлым төмен топтарына, ардагерлерге, сондай-ақ дарынды жастарға әлеуметтік қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған.
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
Фотогалерея
|