ПетроKазахстан : Компания туралы : Компанияның тарихы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Компанияның тарихы

1986 жыл – Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Оңтүстік Торғай алабында Құмкөл кен орнының өнеркәсіптік игеруі басталды. 



1991 жыл – «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» компаниясы Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ және Оңтүстік Құмкөл кен орындарын өңдеумен айналысатын бірлескен кәсіпорындағы серіктес ретінде Қазақстанның нарығына шықты.



1996 жыл – «Харрикейн» компаниясы бірлескен екі кәсіпорын – «Қазгермұнай» мен «Торғай Петролеум» компаниясындағы 50%-дық үлестерімен бірге «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясын сатып алады.



2000 жыл – «Харрикейн» компаниясы республикадағы үш МӨЗ-дің бірін иеленетін «Шымкентмұнайоргсинтез» (ШМОС) кәсіпорнын сатып алады.



2003 жыл – компания қызметінің түрін және компания жұмыс істейтін елдің бейнесін айқын көрсету мақсатында корпоративтік атауы «ПетроҚазақстан Инк.» деп өзгертілді


2005 жыл – «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясын «Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясының» еншілес бөлімшесі болып табылатын «CNPCI» компаниясы сатып алды.



2006 жыл – компания «ҚазМұнайГаз» ҰК-қа «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясындағы 33%-дық үлесті табыстап, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды. 



2007 жыл – «CNPCI» компаниясы және «ҚМГ» компаниясы арасындағы келісімдердің бір бөлігі ретінде 2007 жылдың 6 шілде күні «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «ПҚОП» ЖШС-нің 50%-дық иелену үлесін сатып алды.



2009 жыл – «ПҚҚР» АҚ-қа «ҚазМұнайГаз» БӨ» компаниясындағы 33%-дық үлесті табыстау бойынша мәміле аяқталды.


2014 жыл – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасына сәйкес «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да «Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру» ауқымды Жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды.



2018 жыл – «Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру» Жобасы бойынша процестер толық аяқталды.