«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Азаматтық қорғау туралы заңның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарын орындау үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС сыйымдылықтар мен аппараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, оларды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан және техникалық куәландырудан өткізу мақсатында 2023 жылғы 15 наурыздан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытын жоспарлы тоқтататыны туралы хабарлайды.
Технологиялық қондырғыларды жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының кестесі ҚР Энергетика министрлігімен келісілген.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС
Баспасөз хабарламасы
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС шығаратын өнімнің тізімі:
1. Автокөліктерге арналған бензин: АА-92-К4/К5 маркасы, АА-95-К4/К5 маркасы, КО ТР 013/2011, МемСТ 32513-2013 және ТШ 38.001165-2014.
2. ТС-1, РТ маркаларының реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармайы, КО ТР 013/2011, МемСТ 10227-86.
3. Дизельдік жанармай: ДЖ-Ж-К4/К5, ДЖ-Қ-К4/К5, ДЖ-Е-К4/К5 маркалары, КО ТР 013/2011, МемСТ 32511-2013 және МемСТ 305-82.
4. Коммуналдық-тұрмыстық тұтынуға арналған көмірсутекті, сұйылтылған, жанармай газдары: ТБ маркасы, ТПБҚ маркасы, ЕЭО ТР 036/2016 және МемСТ 20448-90.
5. 100 жағылатын мазуты, 40 жағылатын мазуты, КО ТР 013/2011, МемСТ 10585-2013.
6. Қабыршақты газды техникалық күкірт, ҚР СТ 2442-2014.