«Барлау және Игеру жөніндегі Қытай Мұнай Компаниясы» компаниясы (CNPC Exploration and Development Company Ltd.) жарғылық капиталында бірдей үлестерді иеленетін және «Қытай ұлттық мұнай корпорациясы» (China National Petroleum Corporation) компаниясының 100% еншілес компаниялары болып саналатын «Петрочайна Лтд.» (PetroChina Company Ltd.) және «Барлау және Игеру жөніндегі Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы» (China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd.) еншілес компаниясы болып табылады.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарындағы мұнай кен орындарда шикі мұнайдың өндіруімен айналысады. ҚМГ БӨ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компанисяы» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.